Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Гран-приде алты медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Гран-приде алты медаль жеңіп алды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 24-25 қараша күндері Өзбекстан астанасында өткен дзюдодан халықаралық Гран-при турнирін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар жарыста бір алтын, үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Ел құрамасының қоржынына соңғы жүлдені 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Ердәулет Жұмабай салды. Қазақстандық дзюдошы финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде өзбекстандық Әлібек Дурдиевке есе жіберді.

Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:

Алтын медаль:

• Әдия Жанахмет (40 кг дейін).

Күміс медаль:

• Ернат Кеңесбек (55 кг дейін);

• Аслан Ерғалиев (60 кг дейін);

• Ердәулет Жұмабай (90 кг жоғары).

Қола медаль:

• Ғабит Расулхан (60 кг дейін);

• Ерік Үсенов (66 кг дейін).

Айта кетейік, Ташкенттегі турнирге 19 елден 250 дзюдошы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама