Бокс

Қазақ боксшысы Азия ойындарында Қытайдың намысын қорғайды

Қазақ боксшысы Азия ойындарында Қытайдың намысын қорғайды
news-banner7
mobile-news-top

26 маусым күні Гуйян қаласында өткен «2020 жылғы Олимпиадаға дайындық мәжілісінде» Қытай бокс федерациясы 2018 жылығ Азия ойындарына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты sina.com-ға сілтеме жасап.

Қытай бокс федерациясының басшысы Zhang Chuanliang Джакарта қаласында ел намысын қорғайтын боксшыларды таңдау адал да әділ түрде өткенін мәлімдеді.

Қиырдағы Қытай құрамасын сөз етіп отырған себебіміз, аталған тізімде бір қаракөзіміздің аты аталғандықтан болып отыр. Атап айтар болсақ, бокстан Қытай ұлттық құрамасының 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тоқтарбек Таңатқан есімді қазақ боксшысы өнер көрсетеді.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¢Ð¾ÒÑаÑбек ТаңаÑÑанұлÑ

Тоқтарбек есімі бокс жанкүйерлеріне биыл жыл басында танылды. Шыңжаң өңірінде туып-өскен қандасымыз 6 қаңтарда Ханчжоу қаласында өткен «Қытай бокс патшасы» чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесінде топ жарды.

1996 жылы дүниеге келген Тоқтарбек өз салмағында қытайдың ең мықты боксшысы саналады. 2013 жылдан бастап ел іші-сыртындағы ірі турнирлерге қатысып жүр. Осы аралықта ол 79 жекпе-жек өткізіп, оның 64-інде жеңіске жеткен. Тек 15 кездесуде қарсыластарына жол берген.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы жазғы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қалсында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер