«Жетісу» волейбол клубы ел чемпионатында көш бастауда

Қарағандыда 13-18 қараша күндері волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионатының І туры өтті.

2011 жылдың ақпан айынан кейін қатарынан 100 матчта жеңіліс таппаған Талдықорғанның «Жетісу» командасын 2:3 есебімен ұтқан алматылықтар 1 ұпаймен 4-орынды қанағат тұтты. Ал қалған ойында қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, мүмкін болған 15 ұпайдың 13-ін өз қоржынына салған талдықорғандықтар биыл да турнир кестесіндегі көшбасшылық тізгінді сақтап қалды. Одан 2 ұпайы кем «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) екінші, 3 ұпайы кем «Қарағанды» үшінші орынға табан тіреді. 3 ұпаймен «Астана» бесінші, ал алматылықтардан 1 ұпай олжалаған «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) соңғы орынды қанағат тұтты.

Енді екінші тур ойындары желтоқсанның ортасында Астанада өтетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или