Волейболдан Жоғары лигасы. «А» тобы. Шымкенттіктер үздік шықты

Волейболдан Жоғары лигасы. «А» тобы. Шымкенттіктер үздік шықты
<p style="text-align: justify;"> <strong>Өскеменде 11-18 қараша күндері волейболдан Жоғары лиганың &laquo;А&raquo; дивизионындағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 1-туры өтті.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Шымкенттік &laquo;Динамо-Қазығұрт&raquo; жарыс қожайындарына &laquo;Шығыс Қорғасын-2&raquo; командасынан 2:3 есебімен ұтылып, мүмкін болған 21 ұпайдың 19-ын өз қоржынына салып жеңімпаз атанды. Олардан 2 ұпайы кем өскемендіктер екінші, ал 15 ұпайдан жинаған &laquo;Ұшқын-ҚазҰАУ&raquo; (Алматы) мен &laquo;Семей&raquo; 3-4 орынға табан тіреді. Одан кейінгі сатыға Қызылжардың &laquo;Есіл Виктория&raquo; (8 ұпай), Оралдың &laquo;Жайық-Конденсат&raquo; (6 ұпай), &laquo;Павлодар-2&raquo; (4 ұпай) мен жарысқа қатыспағандықтан барлық кездесулеріне 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылған Теміртаудың &laquo;ВСМК АрселорМиттал&raquo; командалары орналасты.</p> <p style="text-align: justify;"> Енді жарыстың келесі туры 18-27 желтоқсанда Павлодарда өтетін болады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или