Волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобында атыраулықтар жеңімпаз атанды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Алматыда 11-16 қараша күндері волейболдан Жоғары лиганың «Б» дивизионындағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 1-ші туры өтті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Онда 5 кездесуде барлық қарсыластарын жеңіп, мүмкін болған ең жоғарғы 15 ұпайдың 13-іне қол жеткізген «Атырау-2» волейболшылары жеңімпаз атанды. Оларға 2:3 есе жіберген Хромтаудың «ТНК Қазхром-2» командасы 12 ұпаймен екінші орын алды. Үздік үштікті көшбасшылардан ғана жеңілген «Динамо-Қостанай» (9 ұпай) түйіндеді. Турнир кестесінің екінші жартысындағы үштікке 8 ұпаймен «Қорқыт Ата ҚМУ» (Қызылорда), 2 ұпаймен «Тараз-ТарМУ» және жалғыз ұпайды қанағат тұтқан «Астана-Ұлан» командалары орналасты. Чемпионаттың екінші туры енді 18-23 желтоқсан күндері өтпек.</p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или