Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Испания құрамасы)

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Испания құрамасы)
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен ала доп тойының басталуына екі апта уақыт қалды.

Осы орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға бізге көршілес Ресей төрінде өнер көрсететін 32 команда жайлы мәліметтер ұсынады.

Біз бұдан бұрын қазіргі әлем чемпионы Германия құрамасы, ең алғашқы әлем чемпионы Уругвай құрамасы, Әлем чемпионатын ең көп жеңген Бразилия құрамасы, футболдың Отаны Англия құрамасы, ең жаңа Еуропа чемпионы Португалия құрамасы және Франция құрамасы жайлы жазған болатынбыз

Ал бүгін 2010 жылғы әлем чемпионы Испания құрамасы жайлы сөз қозғаймыз.

Испания футболы:

Испания Еуропадағы футболы жақсы дамыған елдердің бірі. Алғашқы әлем чемпионы атағына 2010 жылы ғана қол жеткізгенімен, ХХ ғасырда нашар құрама болған жоқ. 1950 жылы Әлем чемпионатының жартылай финалына жеткен. Бұдан бөлек, 1964 жылы Еуропа чемпионы атанды. Ал жаңа ғасырда бұл атаққа екі мәрте (2008, 2012) қол жеткізгенін жақсы білеміз.

1913 жылы құрылған Испания құрамасы 2017 жылға дейін 676 ойын өткізген екен. Әрі 394 матчта жеңіп, 154 рет тең ойнап, тағы 128 кездесуде жеңіліске ұшыраған. Осы аралықтағы доп айырмасы 1338-де 617.

Испания құрамасы осы күнге дейін ұйымдастырылған 20 кезекті Әлем чемпионатының 14-іне қатысты. Бір мәрте Әлем чемпионатын өз жерінде қабылдады (1982 жылы).

âиÑÐ¿Ð°Ð½Ð¸Ñ ÑÑÑбол ÑбоÑÐ½Ð°Ñ Ñемпион миÑаâçå¾çæç´¢ç»æ

Негізі, Испания футболы үшін ХХІ ғасыр жемісті болды. Екі Еуропа чемпионаты мен бір мәрте Әлем біріншілігін жеңіп алды. Әрі халықаралық ірі турнирлерді қатарынан үш рет жеңген тарихтағы тұңғыш құрама атанды. Бірақ, 2012 жылдан кейін құраманың қуаты әлсірей бастады. Бұның негізгі себебі, командадағы маңызды ойыншылардың жасы ұлғайып, буын алмасу барысын бастан өткергендіктен болса керек. 2016 жылғы Еуропа чемпионаты Испания құрамасының буын алмасу барысын аяқтады. Енді құрама қайтадан сайдың тасындай сараланған футболшылармен толықты. Биыл жазда Ресей жерінде бұл елдің құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетеді деп күтуге әбден болады.

Испания Ла лигасы бүгінгі таңда әлемдегі ең мықты чемпионат саналып отыр. Соңғы 5 жылда Еуропа Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын 9 мәрте осы елдің командалары жеңіп алды. Кез-келген футболшының арманына айналған «Реал Мадрид» пен «Барселона» командалары да осы елде екенін жанкүйер қауым жақсы біледі.

2014 жылғы санаққа негізделгенде, Испанияда 800 мың футболшы, 20 мың клуб тіркеуде тұр екен.

Әлем рейтингісіндегі орны:

FIFA-ның мамыр айында жариялаған тізімінде Испания құрамасы 8-ші орында тұр.

Әлем чемпионатына іріктеу сынында:

Испания құрамасы Ресейге жолдама алу үшін G тобында Италия, Албания, Израиль, Македония, Лихтенштейн футболшыларымен бірге өнер көрсетті. 10 ойынның тоғызында жеңіске жетті, тек бір матчты тең аяқтады. Топта бірінші орынды иеленіп, Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. 36 гол соғып, 3 гол жіберіп алды.

Бас бапкері:

Аты: Юлен Лопетеги

Құрама тізгінін ұстаған уақыты: 2016 жыл 21 шілде

Елі: Испания

Туған жылы: 1966 жыл 28 тамыз

Маңызды ойыншылары:

Испания құрамасына бүгінгі таңда тек атақты футболшылар топтасқан. Қорғаныс шебінен тарып шабуылшыларына дейін Еуропаның ең беделді клубтарында доп тебеді. Қорғаныста өнер көрсететін төрт ойыншысы «Реал Мадрид» пен «Барселонаның» негізгі қорғаушылары.

ç¸å³å¾ç

Ал қақпасын Англия чемпионатының ең үздік қақпашысы атанған Давид Де Хеа қорғайды. Давид осы маусымда 18 ойында өз иелігін голдан таза сақтаған екен.

Жартылай қорғаушылары да шетінен «сен тұр мен атайын» деген шебер ойыншылар. Жақында ғана Жапонияға жол тартқан Андрес Иньеста өзінің ең соңғы Әлем чемпионатында жанкүйерлерін және бір қуантуға үмітті. Ал Иско, Асенсио, Васкес қатары Еуропа чемпиондар лигасының жеңімпаздары мен құраманың жаңа көшбасшысы Давид Сильва да Ресей жерінде өз шеберліктерін пәш ететін болады.

Құрамы:

Құраманың бас бапкері Юлен Лопетеги Ресейге мына 23 футболшыны алып бармақшы:

Қақпашылар: Давид Де Хеа («Манчестер Юнайтед»), Кепа Аррисабалага («Атлетик»), Пепе Рейна («Наполи»);

Қорғаушылар: Дани Карвахаль («Реал»), Альваро Одриосола («Реал Сосьедад»), Серхио Рамос («Реал»), Начо («Реал»), Жерар Пике («Барселона»), Сесар Аспиликуэта («Челси»), Начо Монреаль («Арсенал»), Жорди Альба («Барселона»);

Жартылай қорғаушылар: Иско («Реал»), Марко Асенсио («Реал»), Лукас Васкес («Реал»), Серхио Бускетс («Барселона»), Андрес Иньеста («Виссел Кобе»), Коке («Атлетико»), Сауль («Атлетико»), Тиаго Алькантара («Бавария»), Давид Сильва («Манчестер Сити»);

Шабуылшылар: Диего Коста («Атлетико»), Родриго («Валенсия»), Яго Аспас («Сельта»).

ç¸å³å¾ç
Топтағы жағдайы:

Испания құрамасы Әлем чемпионатында Португалия, Марокко және Иран құрамаларымен бірге В тобында өнер көрсетеді. Құрамалардың қуаты бойынша қарағанда испаниялықтардың топтан шығуына еш қиындық жоқ. Бұдан да анықырақ айтқанда, осы топтың көшбасшысы болуға да әбден мүмкіндігі бар.

Испания –Португалия

Топтағы басты бәсекелестер бірінші ойында кездесіп отыр. Бір жақсысы өзге екі кездесулері қалай өтетінін білмегендіктен қос мықты осы матчта барын салатын болады. Бұл жанкүйерлер үшін қуанышты жағдай.

Екеуі де Еуропаның ежелгі елі. Сол үшін де болар тарихта 35 мәрте кездескен екен. Бұл жұпта испаниялықтардың бәсі жоғары тұр. Испания 16 Мәрте, Португалия 13 мәрте жеңіске жеткен. Қалған 6 ойын тең аяқталған. Бірақ, Әлем чемпионатында бір рет ғана жолдары түйіскен. 2010 жылы Испания құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұл кездесу 16 маусым Астана уақыты 00:00-де Сочи қаласындағы «Олимпиадалық» стадионда өтеді.

Испания – Иран

Бұл құрамалар ешқашан кездеспеген. Осы жазда Ресей жерінде өзара кім мықтыны анықтап көретін болады.

Кездесу 21 маусым күні Астана уақыты сағат 00:00-де «Казан Аренада» өтеді.

Испания – Марокко

Бұл командалардың да жолы бұған дейін түйіспеген екен.

МатчКездесу 26 маусым күні Астана уақыты сағат 00:00-де «Калининград» стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер