RomaSport
Басқа

Назерке Тілеуханова Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Назерке Тілеуханова Азия чемпионатында қола жүлде иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Аталмыш додада ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ спортшысы Назерке Тілеуханова 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұрымды спортшы барлығы үш белдесу өткізді. Алғашқы айналымда Тайпей елінің өкілінен басым түскенімен, келесі белдесуінде Оңтүстік Кореядан келген спортшыдан айласын асыра алмай жеңіліс тапты. Ал, қола медаль үшін болған кездесуінде Назерке непалдық дзюдошыны жеңіп, қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, шығысқазақстандық спортшы Думан Бұғылбаев пен Айдар Қайырбаевтың қол астында жаттығады. Еліміздің спорт шебері. Назерке Тілеуханова биыл өткен жылғы жетістігін қайталады. 2017 жылы бұрымды дзюдошымыз Бішкек татамиінде өткен құрлықтық біріншілікте үздік үштікті қорытындылаған еді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер