Волейболдан ел чемпионаты аяқталды
<span>Волейболдан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі аяқталды.</span>
<span>Ұлттық лигада ел чемпионатын «Атырау» командасы жеңді. Күміс жүлдені «Павлодар» командасы иеленсе, қола жүлдені «ТНК Қазхром» ұжымы қанағат тұтты. Әйелдер чемпионатында «Алтай» клубы топ жарды. Екінші орында талдықорғандық «Жетісу». Үздік үштікті «Ертіс-Қазхром» командасы түйіндеді. Жоғарғы лигада «Динамо-Қазығұрт» чемпион атанды. Күміс медальді «Ақтөбе» иеленсе, «Қайсар» қола жүлдені місе тұтты. Әйелдер арасындағы жарыста шымкенттік «Қазығұрт» чемпион атағына ие болды. Екінші орынды «Тараз» иеленсе, елордалық «Оқушылар сарайы» командасы үздік үштікті қорытындылады.</span><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или