Волейболдан ел чемпионаты мәресіне жетті
Волейболдан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі аяқталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады. <br />Ұлттық лигада ел чемпионатын «Атырау» командасы жеңді. Күміс жүлдені «Павлодар» командасы иеленсе, қола медальді «ТНК Қазхром» ұжымы қанағат тұтты. <br />Әйелдер чемпионатында «Алтай» клубы топ жарды. Екінші орында талдықорғандық «Жетісу». Үздік үштікті «Ертіс-Қазхром» командасы түйіндеді. <br />Жоғарғы лигада «Динамо-Қазығұрт» чемпион атанды. Күміс медальді «Ақтөбе» иеленсе, «Қайсар» қола жүлдені місе тұтты. <br />Әйелдер арасындағы жарыста шымкенттік «Қазығұрт» чемпион атағына ие болды. Екінші орынды «Тараз» иеленсе, елордалық «Оқушылар сарайы» командасы үздік үштікті қорытындылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или