«ТНК Қазхром» волейбол клубы тұңғыш рет Қазақстан кубогын иеленді

«ТНК Қазхром» волейбол клубы тұңғыш рет Қазақстан кубогын иеленді
<p style="text-align: justify;"> <strong>Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті. Бұған дейін 16-23 қазанда өз алаңыңындағы ширек финалда 4-орын алып, жартылай финалға әупірімдеп жүріп өткен алаң иелерінің &laquo;ТНК Қазхромы&raquo; өз жанкүйерлерін үлкен қуанышқа кенелтті.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Олар жартылай финалда &laquo;Конденсат-Жайықмұнай&raquo; (Орал), ал финалда &laquo;Алматы&raquo; командаларын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, өз тарихында тұңғыш рет ел кубогын иеленді. Бұған дейін оған Алматы қаласының волейболшылары 7 рет, теміртаулықтар мен семейліктер - 2, қызылжарлықтар павлодарлықтар, талдықорғандықтар - 1 мәрте қол жеткізген болатын. Атап айтқанда алматылықтардан 1993 жылы &laquo;Азамат&raquo;, 1997 жылы &laquo;РКС-2&raquo; 2003-2005 жылдары &laquo;Рахат-ЦСКА&raquo;, 2007, 2008, 2011 жылдары &laquo;Алматы&raquo; командалары үздік шықты. Теміртаудың &laquo;Болаты&raquo; 1996 жылы, &laquo;Испат-Карметі&raquo; 1998 жылы, ал &laquo;Семей&raquo; 2001, 2002 жылдары және Талдықорғанның &laquo;Жетісуы&raquo; 1994 жылы, Қызылжардың &laquo;Дорожнигі&raquo; 1995 жылы және &laquo;Павлодар&raquo; командасы 2012 жылы жеңімпаз атанған еді. Биыл хромтаулықтар бірінші, алматылықтар екінші, оралдықтар үшінші орынға табан тіреді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или