«Жетісу» волейбол клубы Қазақстан кубогының иегері
<p style="text-align: justify;">
Қарағандыда 27-28 қазан күндері волейболдан әйелдер арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті.</p>
<p style="text-align: justify;">
Ел чемпионатының жеңімпазы және ел кубогының иегері ретінде жарысты бірден жартылай финалдан бастаған Талдықорғандық «Жетісу» биыл да Қазақстан кубогын өзінде сақтап қалды. Олар бұл жолы алдымен алаң иелерін (21:25, 25:22, 25:21, 27:25), одан кейін алматылықтарды да дәл сондай 3:1 есебімен (25-19, 19:25, 29:27, 25:19) ұтты. </p>
<p style="text-align: justify;">
Ал жартылай финалда Павлодардың «Ертіс-Қазхромынан» 2:3 (25:20, 13:25, 25:19, 23:25, 10:15) басым түскен «Алматы» волейболшылары күміс жүлдегер атанды. </p>
<p style="text-align: justify;">
Жалпы Қазақстан кубогын бұған дейін 1999 жылы Астананың «Астана қанаты» иеленсе, 2000-2005, 2007 жылдары Алматының «Рахаты» 7 дүркін жеңіп алған болатын. Енді олардың рекордын Талдықорғандық «Жетісу» қайталап отыр.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или