Волейболдан Қазақстан кубогының ақтық кезеңі басталды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бүгін Қарағанды мен Хромтау қалаларында волейболдан әйелдер мен ерлер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының ақтық ойындары өтуде.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Кеше жартылай финалда Қарағандыда әйелдер арасында Павлодардың «Ертіс-Қазхромын» 2:3 есебімен ұтқан «Алматы» командасы бүгін Талдықорғанның «Жетісуымен» күш сынасуда. Қазақстан чемпионатының жеңімпазы және ел кубогының иегері ретінде жарысты бірден жартылай финалдан бастаған талдықорғандықтар алаң иелерін 3:1 есебімен ұтқан болатын.</p>
<p style="text-align: justify;">
Ал Хромтаудағы ерлер арасындағы додада «Алматы» командасы павлодарлықтарды 3:0 есебімен ұтты. Олардың ақтық сындағы қарсыласы саналатын хромтаулықтардың «ТНН Қазхромы» да оралдықтардың «Конденсат-Жайықмұнайынан» - 0:3 есебімен басым түсті.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или