Волейболдан Қазақстан кубогы жолында оралдықтар көш бастап келеді

Волейболдан Қазақстан кубогы жолында оралдықтар көш бастап келеді
<p style="text-align: justify;"> <strong>Хромтау қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан ел кубогы ойындарында Оралдың &laquo;Конденсат-Жайықмұнайы&raquo; көш бастап келеді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Бұған дейін де қарсыластарын жеңген оралдықтар өткен жұма күні ел чемпионы &laquo;Алматыны&raquo; 3:0 есебімен тізе бүктірсе, сенбіде алаң иелері &laquo;ТНК Казхром&raquo; командасына 2:3 есебімен жол берді. Бұл батысқазақстандықтардың алғашқы жеңілісі еді, соған қарамастан олар көш бастауда.</p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Конденсат-Жайықмұнай&raquo; бүгін &laquo;Ұшқын - КазНАУ&raquo;, ертең &laquo;Павлодар&raquo;, 23 қазанда Өскеменнің &laquo;ШығысҚорғасынҚұрылыс&raquo; командасымен күш сынасады. Соңғы күні ел кубогы үшін жартылай финалға шыққан төрт команда белгілі болмақ.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или