Бірінші Лигаға тағы бір команда қосылды

Бірінші Лигаға тағы бір команда қосылды
2018 жылдың 20 наурызында өткен отырыста Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті 2018 жылғы маусымның Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің құрамына өзгеріс енгізді:
 
- Ақтөбе облысының Әкімшілігінің өтінішінен кейін «Ақтөбе-Жас» футбол клубын Бірінші Лига Біріншілігінің құрамына қосуға шешім қабылданды.  
 
«Ақтөбе-Жас» - «Ақтөбе» футбол клубының құрылымына кіретін ұжым. Дәл осылай ертеректе «Байқоңыр», «Жетісу Б», «Қайрат А» және «Шахтер-Болат» командалары Біріншілік құрамына қосылған.
 
2018 жылғы маусымның Қазақстан Республикасының Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің құрамы:
 
«Алтай» (ШҚО)
«Ақтөбе-Жас» (Ақтөбе қ.) –«Ақтөбе» ФК құрылымындағы команда
«Байқоңыр» (Қызылорда қ.) - «Қайсар» ФК құрылымындағы команда
«Жетісу Б» (Талдықорған қ.) - «Жетісу» ФК құрылымындағы команда
«Қайрат А» (Алматы қ.) - «Қайрат» ФК құрылымындағы команда
«Каспий» (Ақтау қ.)
«Қыран» (Шымкент қ.)
«Мақтаарал» (Мақтаарал ауданы, ОҚО)
«Оқжетпес» (Көкшетау қ.)
«Тараз» (Тараз қ.)
«Шахтер-Болат» (Теміртау қ.) - «Шахтер» ФК құрылымындағы команда
«Екібастұз» (Екібастұз қ.)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или