Болжамшылар бәйгесі. Алғашқы жеңімпаз анықталды
Қайырлы кеш, достар! Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымымен бірге бас алған Beautiful Football-дың жаңа жобасының алғашқы жеңімпазы анықталды.
Шынымен де осыншалықты көп болжам болады деп ойламадық! 130-дан астам адам пікір білдірген. Сол себепті жеңімпазды анықтау ұзаққа созылды. Сондай-ақ азды-кем өзгерістер орын алды. Есепке тек дәл ұпай (3 ұпай) мен ойын нәтижесі (2 ұпай) жазылды.
Ең көп ұпайды екі қатысушымыз жинады. Сұлтан Рүстем мен Нұргелді Теңел есімді қолданушыларымыз 4 дәл есепті (12 ұпай) және бір ойынның нәтижесін <span>(2 ұпай) </span>тапқан.


Алайда жеңімпаз тек біреу. Сол себепті бірінші болып болжам жасаған <span>Сұлтан Рүстемді жеңімпаз деп таныдық! Құтты болсын!</span>
<span>Келесі кезең 17 наурыз күні ел біріншілігінің 2 турына орай өтеді.</span>