Теңбіл доп әлемі
Әлем футболы

ПСЖ ойыншылары «Реалды» жеңудің жолын біледі

ПСЖ ойыншылары  «Реалды» жеңудің жолын біледі
news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ командасының ойыншылары өздеріне деген сенімділікті арттыру үшін клубтың ішінде жиналыс өткізді, деп хабарлайды Telefoot.

Командадағы көшбасшы ойыншылар Тиаго Мотта, Дани Алвес және Маркиньюстың бастамасымен ойыншылар өзара келісімге келген. Ендігі жерде клуб ішіндегі іріткіге жол жоқ. Ойыншылар бір-біріне команданың ауызбіршілігі үшін әрқайсысы атсалысамыз деп уәде берген. Олар биыл Чемпиондар лигасынан ерте шығып қалғысы келмейді.

Естеріңізде болса былтыр олар төрешінің кейбір дұрыс қабылдамаған шешімінен соң «Барселона» клубынан 6:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған. Биыл да «Реалмен» болған алғашқы ойында 1:3 есебімен ұтылып қалды. Аталған кездесуде де испандық командаға төрешілердің жақтасқандығы жиі айтылуда. Кейбір ақпарат көздері ойыннан соң «Реал» клубының Модрич бастаған ойыншылары париждік клубтың футболшыларынан төреші тарапынан кеткен қателіктер үшін кешірім сұрағандығын жазуда.

Соңғы уақытта ПСЖ клуб ойыншылар Кавани мен Неймар арасында кикілжің жиі орын алуда.

Айта кетсек, ПСЖ мен «Реал» арасындағы қарымта кездесу алтыншы наурызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер