Волейболдан Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды

 Волейболдан Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Өскеменде ерлер, ал Теміртауда әйелдер арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды. </strong></p> <p style="text-align: justify;"> Оған ерлер арасында да Ұлттық лигадан - 4, Жоғары лиганың &laquo;А&raquo; дивизионынан - 4, &laquo;Б&raquo; дивизионынан - 2, әйелдер арасында додада Ұлттық лигадан - 2, Жоғары лиганың &laquo;А&raquo; дивизионынан - 2 ,&laquo;Б&raquo; дивизионынан 6 команда қатысуда. Ал өткен ел чемпионатында үздік төрттікке кіргендер жарыстың келесі кезеңінен бастап қатысады.</p> <p style="text-align: justify;"> Бұған дейін ел кубогын ерлер арасында алматылықтар - 8, атыраулықтар - 3, теміртаулықтар, оралдықтар, семейліктер - 2, талдықорғандықтар, қызылжарлықтар, павлодарлықтар бір-бір мәрте қол жеткізді. Атап айтқанда, алматылықтардан 1993 жылы &laquo;Азамат&raquo;, 1997 жыл &laquo;РКС-2&raquo;, 2003-2005 жылдары &laquo;Рахат-ЦСКА&raquo;, 2007, 2008, 2011 жылдары &laquo;Алматы&raquo;, талдықорғандықтардан 1994 жылы &laquo;Жетысу&raquo;, қызылжарлықтардан 1995 жылы &laquo;Дорожник&raquo;, теміртаулықтардан 1996 жылы &laquo;Болат&raquo;, 1998 жылы &laquo;Испат-Кармет&raquo;, оралдықтардан 1999 жылы &laquo;Жайық&raquo;, 2006 жылы &laquo;Конденсат&raquo;, 2000, 2009, 2010 жылдары &laquo;Атырау&raquo;, 2001, 2002 жылдары &laquo;Семей&raquo;, 2012 жылы &laquo;Павлодар&raquo; волейболшылары мұндай мәртебеге ие болды. Әйелдер арасында &laquo;Рахат&raquo; (Алматы) командасы - 7, &laquo;Жетісу&raquo; (Талдықорған) командасы - 6, &laquo;Астана қанаты&raquo; (Астана) командасы 1 мәрте қол жеткізді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или