Ел не демейді ...

Сейдахмет: АПЛ не Испания примера-дивизионында ойнағым келеді

Сейдахмет: АПЛ не Испания примера-дивизионында ойнағым келеді
news-banner7
mobile-news-top

«Уфа» клбуының жаңа ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет ресейлік «Чемпионат» сайтына берген сұхбатында болашақта Испания және Англия премьер лигасында өнер көрсеткісі келетінін айтты.

«Мен Ресей футболын ұнатамын. РФПЛ – өте мықты чемпионат. Болашақта Испания не Англия чемпионаттарында өнер көрсету үшін Ресей біріншілігінде шыңдалып, аянбай тер төкпекпін. Қазақстандық жанкүйерлер маған әрдайым қолдау білдіріп жазып тұрады. Қазақстандықтар маған үлкен сенім артуда. Өкінішке қарай, бізде шетелде ойнаған мықты ойыншы жоқ. Сол себепті, АПЛ не Испания примера-дивизионында ойнайтын тұңғыш қазақ атанғым келді», — деді Еркебұлан.

Естеріңізге салайық, бүгін «Қазақ Мессиі» ресми «Уфа» клубының ойыншысы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер