Қазақстан боксшылары Венгрия елінде өткен турнирде үздік шықты
6-11 ақпан аралығында Венгрияның Дебрецен қаласында өткен дәстүрлі Иштван Бочкаи мемориалында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетті.
Аталған турнирге Қазақстан құрамасы еліміздің бірінші, екінші және үшінші номерлі боксшыларынан жасақталған аралас құраммен қатысқан болатын. Құрама сапында Әнуар Мұзапаров (52 келіге дейін), Ильяс Сүлейменов (56 кг), Ертуған Зейнуллинов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (64 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг) ), Абай Төлеш (75 кг), Бекзат Нұрдәулетов (81 кг) және Айболды Дәуренұлы (91 жастан жоғары) қатарлы боксшылар болды.
Турнир қортындысында еліміз боксшылары 3 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Атап айтар болсақ, Ильяс Сүлейменов (56 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі) үшеуі қарсыластарының бәрін жеңіп, турнирде топ жарды. Бұлардан бөлек, Айболды Дәуренұлы (91 келіден жоғары) күміс медаль жеңіп алды. Ал Абай Төлеш (75 келі) қолаға қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Иштван Бочкаи турнирінде әлемнің 23 елінен келген 158 боксшы өнер көрсетті.