Геннадий Головкин Сочидегі балалар үйіне барды

Геннадий Головкин Сочидегі балалар үйіне барды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин бокс аңызы Р. Дюранмен бірге Ресейдің Сочи қаласындағы балалар үйіне барды. 

<span>Бұл жайлы чемпионның промоутері Том Леффлер Twitter парақшасында жариялады. «Геннадий Головкин мен Роберто Дюран Сочидегі балалар үйіне барып, балалардың көңілін бір көтеріп тастады», - дейді Леффлер.</span>

<span>Еске сала кетсек, Головкин Сочиде өткен халықаралық бокс форумында «Бокс аңыздары» сыйлығының «Жыл боксшысы» және «Жылдың үздік жекпе-жегі» аталымдарының жеңімпазы атанған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или