Абель Санчес: Алғашқы жекпе-жекте соқыр төрешілер болды деп ойлаймын

Абель Санчес: Алғашқы жекпе-жекте соқыр төрешілер болды деп ойлаймын

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің 5 мамырда Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жегі жайлы ойын айтты.

«Геннадий алғашқы жекпе-жекте өзінің үстемдігін дәлелдегенін білемін. Бірінші кездесуде соқыр төрешілер жұмыс істеді деп ойлаймын. Головкин енді бәрін дұрыс істейді. Егер Канело бір секундқа тоқтап қалса, нокаутқа түседі», - деді Санчес.

Айта кетейік, алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталған болатын. Бұл бокс мамандары мен жанкүйерлері арасында дау шығарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или