Путинцева мен Дияс Тайваньдағы WTA турнирін сәтті бастады

Путинцева мен Дияс Тайваньдағы WTA турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер жарыстың бірінші кезеңінен сүрінбей өтті.

Юлия Путинцева екі сетке жалғасқан ойында жапониялық Дзюнри Намигатаны жеңді - 6:2, 6:4. Зарина Дияс болса ресейлік Анна Блинковадан басым түсті - 6:2, 7:5.

Енді келесі айналымда Юлия жергілікті теннисші Чжан Кайчжэньмен кездессе, Зарина румыниялық Моника Никулескумен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или