«Астана» өз алаңында «Спортинг» командасын жеңе ала ма
<span> 15 ақпан күні «Астана» өз алаңында Еуропа Лигасының 1/16 финалы аясында Португалияның «Спортинг» командасын қабылдайды.</span>
<span>Букмекерлік кеңселер қазақстандық команданың өз алаңында «Спортинг» клубын жеңе алатынына сенбейді. Қайта, қонақтарды фаворит деп санайды. «Астана» командасының жеңісіне 3,80 коэффициент ұсынуда. Ал португалиялықтардың жеңісіне 2 коэффициент, тең ойынға 3,5 коэффициент беріп отыр. </span>
<span>Бірақ, бұған бола қазақстандық жанкүйерлердің көңіл-күйін түсіруіне еш себеп жоқ. Кімнің жеңімпаз болатынын букмекерлік кеңселердің болжамы емес, ойын көрсететін болады. </span>
<span>Кездесу «Астана Арена» алаңында 15 ақпан күні Астана уақтымен 22:00 де басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или