Жоламан Биғабыл Азия ойындарында каратэден алтын медаль жеңіп алды

Жоламан Биғабыл Азия ойындарында каратэден алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмырза Халмимен кездесіп, 9:1 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші жекпе-жекке дейін қазақстандық спортшы Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовты жеңсе, жартылай финалда индонезиялық Мұхаммад Жануардан 6:1 есебімен басым түсті.

Бұл алтын медаль Биғабылдың мансабындағы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі болды.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына Азия ойындарында велошабандоздар Ринат Сұлтанов пен Алексей Луценко алтын медаль салса, Арлан Жанабай және ерлер арасындағы қазіргі бессайыс құрамасы қола жүлдегер атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или