Қазақстандық каратэші Испаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық каратэші Испаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Испанияның Ла-Корунья қаласында өтіп жатқан А сериясы санатындағы жарыста қазақстандық каратэші Дінмұхаммед Айдарбек алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, Дінмұхаммед кумите бағдарламасында 60 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. Қазақстандық спортшы финалда түрік каратэшісі Мерт Халичті ұтты.

Алма-кезек шабуылмен өткен жекпе-жек 5:2 есебімен аяқталды. Бұл салмақта қос қоланы Португалия спортшылары жеңіп алды.

Дінмұхаммед Айдарбек жарыстың топтық кезеңінде Италия, Франция және Португалия өкілінен басым түсті. Ал плей-офф сатысында Сауд Әл-башерден (Сауд Арабиясы), жартылай финалда Флориан Обитцтен (Германия) айласын асырды.

Осы салмақта татамиге шыққан қалған қазақстандықтар топтан шыға алмады.

Бүгін Ла-Коруньядағы бәсекеде соңғы жүлделер сарапқа салынады. Биыл аталған додада 85 мемлекеттен 1290 спортшы тіркелді. Бұл – А сериясындағы турнир үшін рекорды көрсеткіш.


Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстан әйелдер командасы күміс жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы аралас эстафетада төртінші орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или