SportSarap
Теннис

Халеп Плишковадан басым түсті

Халеп Плишковадан басым түсті
news-banner7
mobile-news-top

Румыниялық теннисші Симона Халеп Австралия ашық біріншілігінің ширек финалында чехиялық Каролина Плишкованы 6:3/6:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.


Әлемнің бірінші және алтыншы ракеткасы арасындағы ойын 1 сағат 12 минут созылған. Симона Халеп ойында 4 екілік қате жіберіп, 10 брейк-пойнттың 5-ін ғана қолдана алды.
Жартылай финалда Халеп әлемнің 21 ракеткасы, неміс теннисшісі Анжелик Кербермен бақ сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер