ШҚО-ның «Алтай» волейбол командасы Қазақстан кубогын жеңіп алды
<span>Өскеменде әйелдер арасында волейболдан өткен Қазақстан Республикасы кубогында шығысқазақстандық «Алтай» командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». </span>
<span> «Алтай» «Ертіс-Қазхром» командасымен ақтық сында кездесіп, ойын 5 сетке дейін созылды. Тартысты бәсеке соңында 2:3 есебімен жеңіске жеткен «Алтай» ойыншылары Қазақстан Кубогының иегері атанды. Жеңімпаз команданы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов құттықтады.</span>

<span>«Сіздерді Қазақстан Республикасы Кубогы ойындарының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Болашақта «Алтай» командасын әлем чемпионатында көргіміз келеді», - деді Даниал Ахметов. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или