Бокс

Рой Джонс: Мен орыспын

Рой Джонс: Мен орыспын
news-banner7
mobile-news-top

Ресей азаматтығын алған америкалық боксшы Рой Джонс Ресей президентін 65 жасқа толуымен құттықтап, өзінің орыс екенін айтты.

Спортшының сөзін RT басылымы келтірді.

«Ресей президенті Владимир Путин сізді туған күніңізбен құттықтаймын. Сіз басқаратын мемлекетті танып, отандасыңыз атанғаныма алғыс білдіремін. Бір күні сіз тек ең жақсы емес, әлемдегі ең танымал адам атанатыныңызға сенемін. Барлық жасаған жақсылықтарыңыз үшін рақмет. Құдай сізді сақтасын. Паспорт үшін тағы да рақмет. Мен орыспын», — деді кіші Рой Джонс.

Джонс — төрт нұсқа бойынша әлем чемпионы атанған бірінші боксшы ( 72,6 келіге дейін, 76,2 келіге дейін, 79,38 келіге дейін және аса ауыр салмақта). Америкалық Ресей азаматтығын 2015 жылдың қыркүйек айында алған болатын. Кәсіпқой рингте 65 жеңіс, (47 — нокаутпен) тоғыз жеңілісі бар әлемге әйгілі спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер