Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайлық Тайпей командасын ұтып, 2018 жылы Жапонияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде жерлестеріміз әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің аясындаға басты қарсыласы Тайпей командасынан айласын асыра алды. Айта кететін жайт, ертең топтық кезеңнің соңғы кездесулері өтеді. Аруларымыз әлсіз Фиджи командасымен күш сынаспақ.
Қазақстан – Қытайлық Тайпей 3:1 (25:15,19:25,25:19,25:20)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или