Дмитриев пен Елубаев әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Дмитриев пен Елубаев әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қытайлық Нанкинде 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында жағажай волейболынан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық волейболшылар Егор Дмитриев пен Ерлан Елубаев топтық кезеңнің алғашқы матчында чилилік Игнасио Гуазини мен Томас Ариетадан басым түсті. Есеп – 2:1.

Енді қазақстандық жұп 13 шілдеде екі матч өткізеді. Алдымен Конго Др өкілдері Фернанда Фезо мен Перпету Луамбамен кездеседі. Артынша польшалық Матеуш Пашковский және Мацей Левицкий дуэтімен күш сынасады.

21 жасқа дейінгі жағажай волейболынан әлем чемпионаты. Нанкин, Қытай. Ерлер. F тобы. 12 шілде.<br /> Дмитриев/Елубаев (Қазақстан) — Гуазини/Ариета (Чили) 2:1 (17:21, 21:15, 15:13)<br /> Пашковский/Левицкий (Польша) — Фезо/Луамба (Конго ДР) 2:0 (21:12, 21:13) 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или