«Алтай» Азия чемпионатының ширек финалына шықты

«Алтай» Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Вьетнамда ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтіп жатыр. Өскемендік «Алтай» волейболшылары қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық клубтың Е тобындағы кезекті қарсыласы «Вьетнам Спорт Клуб» командасы болған. Матч «Алтайдың» пайдасына аяқталды – 3:1 (25:21, 25:22, 22:25, 25:21).

Осылайша, Рафаиль Гилязутдинов шәкірттері ширек финалға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр «Алтай» клубтық Азия чемпионатында бесінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или