Қазақстан Әлемдік лиганың үшінші матчында да жеңілді

Қазақстан Әлемдік лиганың үшінші матчында да жеңілді

Қазақстан волейболшылары Әлемдік лиганың бірінші кезеңінде үшінші матчын өткізді.

Франкфуртта өтіп жатқан жарыста қазақстандық волейболшылар Австриямен кездескен.

Отандастарымыз қарсыласына 1:3 есебімен жол берді.

Осылайша, австриялықтар алты ұпай жинап, Германияны қуып жетті. Алайда немістерде қосымша бір ойын бар. Қазақстандық волейболшылар болса, үш кездесудің бәрінде жеңіліп қалды.

Енді Қазақстан құрамасы 9-11 маусым арасында Тунисте екінші кезеңге қатысады. Мұнда ол Черногория, Қытайлық Тайпей және Туниспен күш сынасады.

Австрия — Қазақстан — 3:1 (25:22, 21:25, 25:11, 25:17).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или