Қазақстан әйелдер құрамасы Ельцин кубогына қатысады

Қазақстан әйелдер құрамасы Ельцин кубогына қатысады

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық Ельцин кубогы турниріне қатысады. Бұл туралы Свердловск облысы дене шынықтыру және спорт министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Екатеринборда өтетін жарыс 26 маусымда басталып, сол айдың 30-на дейін жалғасады.

Аталмыш додаға Қазақстаннан бөлек, Ресей, Болгария, Түркия және Сербия құрамалары қатысады. Командалар бір-бірімен өзара ойнап шығып, жеңімпазды анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или