Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатына қатысады

Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатына қатысады

23 жасқа дейінгі волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметі.

Азия чемпионаты мамырдың бірі мен тоғызы аралығында Иранда өтеді.  

Біріншілікке 11 команда қатысады. Командалар төрт топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды. Қарсыластары Өзбекстан және Қытайлық Тайпей құрамалары.

Қазақстан құрамасы қатарына мына ойыншылар енді: Рустам Гилязутдинов (№2), Эдуард Погребняк (№3), Михаил Бобков (№4), Андрей Кузнецов (№5), Александр Фоменко (№7), Денис Ещенко (№8), Кирилл Гурин (№9), Владислав Уфимцев (№11), Ерикжан Бокен (№12, либеро), Азамат Рахов (№13, капитан), Владислав Апазиди (№14), Нұрдаулет Асқаров (№15).

23 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының кестесі:

1 мамыр

Қазақстан – Өзбекстан

3 мамыр

Қазақстан – Қытайлық Тайпей

4-5 мамыр

Екінші топтық кезең

6-9 мамыр

Финалдық кезең

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или