Седовтан станозолол табылды

Седовтан станозолол табылды
news-banner7
mobile-news-top

ҚР ҰОК-не Владимир Седовтың допинг-сынамасынан тиым салынған дәрінің қалдығы табылғаны жайлы хат келді деп хабарлайды ProsportKz.kz тілшісі.

 

Тиым салынған заттар 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындары кезінде алынған сынамалардан табылған. Естеріңізге сала кетейік, Седов сол додада 85 келі салмақ дәрежесінде төртінші орын алған болатын.

Тексеріс нәтижесінде Владимир Седовтың «А» сынамасында станозолол табылған. Келесі аптада «Б» сынамасын ашады.

Айта кету керек, 2006 жылы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Седовты спорттан шеттеткен болатын. Спортшы 2008 жылдың 18 мамырына дейін жазасын өтеген. 

 

Сонымен қатар, допиг дауына Мария Грабовецкаяның да қатысы болуы мүмкін. Оның 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарында алынған сынамаларында тиым салынған дәрілердің қалдығы табылған. Пекинде Грабовецкая қола медаль алған болатын. Ақпарат тексерілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер