Паэрлифтингтен Азия Кубогында екі әлем рекорды жасалды

Алматыда WRPF тұжырымы бойынша өткен Азия Кубогы барысында екі рет әлем рекорды жасалды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бірінші, әйелдер арасында үшсайыста өнер көрсеткен тараздық спортшы Марианна Гаспарьян жалпы есепте 532,5 келі көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Ол әлем рекордын жасауға 220 келіні иығына қойып, жүрелеп отырып тұру арқасында қол жеткізді. Тағы бір рекордты ресейлік спортшы Анедрей Маланичев жасады.

Ол 480 келілік зілтемірді иығына қойып, жүрелеп отырып тұрды. Осылайша, «WRPF Kazakhstan» коммерциялық Азия Кубогында екі әлем рекорды жасалды.

Азия Кубогының жүлде қоры 7000 АҚШ долларын құраған болатын. Оларды пауэрлифтингтен және шалқалап жатып, зілтемірді сығымдап көтеруден жеңіске жеткендер өзара бөлісті. Ең қомақты сыйақы Андрей Маланичев пен Ербол Науановқа бұйырды. Ербол шалқалап жатып, зілтемірді сығымдап көтеруден абсолютті жеңімпаз атанды және үш сайыста күміс жүлдеге ие болды.

«WRPF Kazakhstan федерациясы Қазақстанда пауэрлифтингті дамытуды қолға алды. Бүгінде жас спортшыларды саламатты өмір салтына ұстануға шақыру өте маңызды. Олар болашақта жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. Бұл турнир Қазақстанда мықты жігіттердің бар екендігін көрсетті. Тек оларға өзін көрсетуге мүмкіндік жасау керек», - деді өз сөзінде осы жарысты өткізудің бастамашысы, пауэрлифтингтен спорт шебері Уәлихан Тен.

«Алматы Марафоны» баспасөз қызметінің хабарлауынша, WRPF нұсқасы бойынша Азия Кубогы Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Украинадан ондаған спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или