ҚХЛ: Бүгін бес матч өтеді
Бүгін Владивосток, Магнитогорск, Челябі, Уфа және Мәскеу қалаларында Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында кезекті матчтар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
14:30. «Адмирал» – «Ак Барс»
Қазандық клубтың құрамы тәжірибелі әрі барлық шепте теңгерімді жасақталған. Татарстандық ұжым 2023 жылдан бері ресми кездесулерде «Адмиралдан» жеңілмеген.
19:00. «Металлург» – «Динамо» (Минск)
Биылғы маусымда командалар алғаш рет 14 қазанда Минскіде кездесіп, «Металлург» 3:1 есебімен жеңіске жеткен. ҚХЛ тарихында магнитогорлықтар Беларусь клубына қарсы өткізген 36 матчтың 27-сінде басым түскен.
19:00. «Трактор» – «Лада»
Челябілік клуб 10 қазаннан бері өз айдынында негізгі уақытта жеңіліп көрмеген. Ал тольяттилік ұжым чемпионатта ең аз шайба соққан команда саналады.
19:00. «Салават Юлаев» – «Нефтехимик»
Нижнекамскілік клуб өз айдынындағы матчтар сериясын «Спартакты» 3:1 есебімен жеңумен аяқтады. Ал уфалықтар өзара өткен соңғы жеті кездесудің алтауында жеңіске жеткен.
21:46. «Динамо» (Мәскеу) – «Автомобилист»
Кештің басты қызығы – Алексей Кудашовтың «Автомобилист» бас бапкері ретінде Мәскеуге алғаш рет келуі. Маман өткен маусымда өзі қызметінен кеткен командаға қарсы шықпақ.