Әлемдегі жанкүйері ең көп жиналатын футбол клубтары анықталды
Германиялық Transfermarkt порталы 2026/2027 жылғы маусымда үй матчтарына ең көп жанкүйер жинайтын футбол клубтарының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімнің көшін Дортмундтың «Боруссиясы» бастады. Германиялық клубтың үйдегі ойындарына орта есеппен 81 365 көрермен келеді. Осылайша, «Боруссия» бір матчта 80 мыңнан астам жанкүйер жинайтын рейтингтегі жалғыз команда атанды.
Екінші орынға Италияның «Интер» клубы жайғасты. Миландықтардың үй матчтарын орта есеппен 75 214 адам тамашалайды. Ал үшінші сатыдағы «Баварияның» көрсеткіші – 75 мың көрермен.
Үздік бестікті «Милан» мен мадридтік «Реал» түйіндеді. Италиялық клубтың матчтарына орта есеппен 74 545, ал испаниялық команданың ойындарына 73 614 жанкүйер жиналады.
2026/2027 жылғы маусымда үй матчтарына ең көп көрермен жинайтын ТОП-10 клуб:
1. «Боруссия» Дортмунд (Германия) – 81 365 көрермен;
2. «Интер» (Италия) – 75 214;
3. «Бавария» (Германия) – 75 000;
4. «Милан» (Италия) – 74 545;
5. «Реал Мадрид» (Испания) – 73 614;
6. «Манчестер Юнайтед» (Англия) – 72 395;
7. «Атлетико» (Испания) – 66 268;
8. «Рома» (Италия) – 65 728;
9. «Фламенго» (Бразилия) – 64 711;
10. «Бетис» (Испания) – 63 309.
Айта кетейік, үздік ондыққа Германия, Италия және Испаниядан үш-үштен емес, тиісінше екі, үш және үш клуб енді. Ал Англия мен Бразилиядан бір-бір команда бар.