«Рамазанның алғашқы күні компьютерімді қоқысқа тастадым». Ислам Махачев ерекше оқиғасын айтты
UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев компьютерлік ойындарға деген көзқарасын білдіріп, бір кездері компьютерге тәуелді бола жаздағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік файтер GTA 6 ойынының шығуына қатысты қойылған сұраққа жауап беріп, карантин кезінде компьютерге қатты әуестенгенін жасырмады.
«Компьютерге қатысты тәжірибем аса жақсы болған жоқ. Карантин кезінде сыртқа шығуға мүмкіндік аз, ал бос уақыт көп болғандықтан компьютер сатып алдым. Бірте-бірте оның алдында барған сайын көп уақытымды өткізіп жүргенімді байқадым.
Рамазан айы келгенде өткен бір айда іс жүзінде ешқандай пайдалы іс тындырмағанымды, уақытымды босқа өткізгенімді түсіндім. Сөйтіп, Рамазанның алғашқы күні компьютерімді алып, қоқысқа тастадым.
Сондықтан қазіргі уақытта компьютердің балаларға ешқандай пайдасы жоқ деп есептеймін», – деді Махачев.
Спортшының сөзін Red Corner MMA жариялады.