Умар Нурмагомедов түрмеден босатылғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады
UFC файтері Умар Нурмагомедов Әбу-Дабидегі қамаудан босатылғаннан кейін алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы басынан өткен жағдайға қатысты қысқаша пікір білдірді.
«Әр адамның өмір жолында қиындықтар кездеседі. Біздің кім екенімізді сол қиындықтарды қалай еңсеретініміз ғана анықтайды», – деп жазды Нурмагомедов.
Еске салайық, 11 қарашада Әбу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде Усман және Умар Нурмагомедовтер, UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили мен оның серігі, балуан Саба Лизашвили арасында жанжал шыққан. RAF турнирі қарсаңында болған оқиға жаппай төбелеске ұласқан.
Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталғаны хабарланды. Кейін Умар Нурмагомедовтің алты айға бас бостандығынан айырылып, 300 мың дирхам (шамамен 6,7 миллион рубль) айыппұл арқалағаны туралы ақпарат тарады.
Алайда 17 қарашада айыпталушылардың босатылғаны белгілі болды.