«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ-да ойын күнінің үздігі атанды
Астаналық «Барыстың» шабуылшысы Всеволод Логвин Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ойын күнінің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
22 жастағы хоккейші «Адмиралға» қарсы кездесуде ерекше көзге түсті. «Барыс» 4:2 есебімен жеңіске жеткен ойында Логвин екі шайба соғып, командасының табысына үлкен үлес қосты. Оның бір голы жеңіс шайбасы болды.
Осы жеңістен кейін «Барыс» 25 матчта 27 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде бесінші орынға көтерілді. Ал 24 кездесуде 25 ұпай еншілеген «Адмирал» оныншы сатыда тұр.
Енді Михаил Кравец шәкірттері 15 қарашада өз алаңында Магнитогорскінің «Металлург» командасын қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или