Нурмагомедовтың інісі UFC ұйымына ауысуы мүмкін
Жеңіліп көрмеген ресейлік ММА файтері Усман Нурмагомедов UFC ұйымымен келісімшартқа отырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
MMA Uncensored мәліметінше, Хабиб Нурмагомедовтың немере інісінің UFC-ге ауысқаны туралы ресми хабарлама осы демалыста өтетін UFC 334 турнирінде жариялануы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге расталған жоқ.
28 жастағы Усман Нурмагомедов кәсіби ММА-дағы мансабын 2017 жылы бастаған. Ол 2021–2024 жылдары Bellator ұйымында өнер көрсетіп, жеңіл салмақта чемпион атанды.
2025 жылдан бері PFL промоушенінде жұдырықтасып келеді және қазіргі уақытта ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы саналады.
Айта кетейік, Усман Нурмагомедов кәсіби мансабында 22 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или