Қазақстан хоккейшілері Азия чемпионатында үшінші рет топ жаруға талпынады
5-8 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында шайбалы хоккейден үшінші Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құрлықтық додада төрт ұлттық құрама — Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары бақ сынайды.
Турнирдегі басты интрига — Қазақстан құрамасының қатарынан үшінші рет чемпион атана алуы.
Ұлттық құрама биылғы біріншілікке екі дүркін чемпион әрі басты фаворит ретінде қатысады.
Қазақстанның бұған дейінгі жетістіктері:
2024 жыл (Алматы, Қазақстан)
Алғашқы Азия чемпионатында отандастарымыз өз алаңында топ жарып, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамаларын артта қалдырды.
2025 жыл (Бейжің, Қытай)
Қазақстан құрамасы сырт алаңда да өзінің мықтылығын дәлелдеді. Ұлттық құрама үш матчта тоғыз ұпай жинап, қатарынан екінші рет алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Оңтүстік Кореяға, қола медаль Жапонияға бұйырды.
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия чемпионатындағы ойын кестесі:
5 қараша, 12:00. Жапония – Қазақстан
7 қараша, 13:30. Қазақстан – Қытай
8 қараша, 13:30. Қазақстан – Оңтүстік Корея.