«Реал» Мбаппенің сөзі үшін Қытай халқынан кешірім сұрады

«Реал» Мбаппенің сөзі үшін Қытай халқынан кешірім сұрады

Мадридтік «Реал» клубы шабуылшысы Килиан Мбаппенің мәлімдемесіне байланысты ресми мәлімдеме жасап, Қытай халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франциялық футболшы Мао Цзэдун туралы әзілінен кейін дау ортасында қалды. Бұл жағдай Қытайдың әлеуметтік желілерінде үлкен наразылық тудырды. Көптеген қолданушы ойыншының сөздерін қорлау деп қабылдап, Қытайдың тарихи мұрасына құрметсіздік таныту деп бағалады.

Сын күшейгеннен кейін мадридтік клуб жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, Қытай жұртшылығынан кешірім сұрауды жөн көрді.

«Мадридтік «Реал» футбол клубы ойыншымыз Килиан Мбаппенің жақында айтқан сөздері салдарынан туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін Қытай халқынан кешірім сұрайды. Клуб Қытайға, оның тарихына, мәдениетіне және азаматтарына, сондай-ақ «Реалға» ықыласы мен сүйіспеншілігін білдіретін миллиондаған қытайлық жанкүйерге зор құрметпен қарайды.

Клуб Килиан Мбаппенің жария түрде кешірім сұрауын қолдайды. Футболшы өз сөздеріне өкініш білдіріп, Қытай халқына деген құрметін растады. «Реал» құрмет, бейбіт қатар өмір сүру және мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік құндылықтарын ұстанатынын тағы да атап өтеді. Сондай-ақ Қытаймен және оның азаматтарымен арадағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті», – делінген клубтың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама