Даррен Диц ҚХЛ-да қорғаушылар арасындағы үздік сұрмерген атанды
«Барыс» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Даррен (Дәурен) Диц Құрлықтық хоккей лигасында қорғаушылар арасындағы үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазіргі таңда Диц ҚХЛ қорғаушылары арасында сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. Ол 13 матчта 5 гол соққан.
Сонымен қатар Диц қорғаушылар арасындағы бомбардирлер рейтингінде екінші орында. Ол Минскінің «Динамосы» сапындағы Тай Смиттен бір ұпайға ғана қалып келеді. Алайда канадалық қорғаушы Смит Дицтен бір матч артық өткізген.
Бұдан бөлек, Даррен Диц «Сібір» командасында гол+пас жүйесі бойынша да үздік нәтиже көрсетіп отыр.
Еске салайық, кеше ол «Салават Юлаевқа» қарсы матчта (4:5 ОТ) 2 (1+1) ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или