Томпсондар «Барыс» пен «Баффало» сапында бір күнде гол соқты

Томпсондар «Барыс» пен «Баффало» сапында бір күнде гол соқты

Ағайынды Томпсондар Құрлықтық хоккей лигасы мен Ұлттық хоккей лигасының тұрақты чемпионаттарында тиісінше «Барыс» пен «Баффало» сапында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тайс Томпсон «Спартак» – «Барыс» (3:4 Б) матчында көзге түсті. Астаналық клубтың шабуылшысы Мәскеудегі кездесудің соңына қарай есепті теңестірді.


Тэйдж Томпсон да «Баффало Сейбрз» – «Чикаго Блэкхокс» (4:3) матчында есепті 2:2-ге жеткізді.

Қазіргі таңда Тайс Томпсон «Барыс» сапында 12 матч өткізіп, 7 (5+2) ұпай жинады. Ал Тэйдж Томпсон «Баффало» үшін екі ойынға қатысып, 2 (1+1) ұпай еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или