Владислав Пестов «Данди Старз» сапындағы матчтың үздік ойыншысы атанды
Қазақстандық қақпашы Владислав Пестов EIHL Challenge Cup аясындағы «Данди Старз» – «Белфаст Джайантс» матчында жеке марапатқа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Белфастта өткен кездесу алаң иелерінің 4:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Соған қарамастан Пестов матчтың үздік ойыншысы атанды. Қазақстан құрамасының қақпашысы өз қақпасына бағытталған 46 соққының 42-сін қайтарып, «Man of the Match» жүлдесіне ие болды.
24 жастағы қақпашы осы жазда Ұлыбритания чемпионатына ауысты. «Данди Старз» командасына келгенге дейін Пестов үш маусым бойы Өскеменнің «Торпедо» клубының қақпасын қорғады.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында қақпашы 2025 жылдың қарашасында тарихта алғаш рет өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или