Рината Сұлтанова Азия ойындарында омниумнан күміс медаль жеңіп алды

Рината Сұлтанова Азия ойындарында омниумнан күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова 2026 жылғы Азия ойындарында омниумнан күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының велотректен спортшысы Рината Сұлтанова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық спортшы омниум жарысында екінші орын иеленді.

Төрт дисциплинаның қорытындысы бойынша Сұлтанова 133 ұпай жинады. Жапониялық велошабандоз Юми Кадзихара 136 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ал қола жүлде 124 ұпай жинаған Гонконг өкілі Ли Сзе Вингке бұйырды.

Осылайша, Сұлтанова қазіргі Азия ойындарында екінші медалін жеңіп алды. Бұған дейін ол тас жолдағы жеке уақытқа жарыстан Азия ойындарының чемпионы атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или