Ажар Асхат Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық дзюдошы Ажар Асхат Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды. Финалда ол жарыс қожайыны Рин Маэдамен белдесті. Жапониялық дзюдошы шешуші белдесуде басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Осылайша, Ажар Асхат екінші орын алып, Қазақстан құрамасының жүлде қоржынына тағы бір медаль қосты.
Қазақстандық дзюдо үшін Ажардың күмісі осы Азия ойындарындағы төртінші күміс жүлде болды. Бұған дейін Абиба Абужақынова (48 келіге дейін), Елдос Сметов (60 келіге дейін) және Әділет Алмат (81 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или