Нұрбек Оралбай Азия ойындарын жүлдесіз аяқтады
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Оралбай ширек финалда Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевпен кездесті.
Жекпе-жектің алғашқы раунды өзбек боксшысының басымдығымен өтті. Бес төрешінің барлығы бірінші үш минуттықта Хабибуллаевқа басымдық берді. Екінші раундта Оралбай жағдайды өзгертіп, төрешілердің үшеуінің қолдауына ие болды – 3:2.
Алайда бұл жеңіске жетуге жеткіліксіз болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен Турабек Хабибуллаевты жеңімпаз деп таныды.
Осылайша, Хабибуллаев жарысты жалғастырып, Азия ойындарының жүлдесі үшін таласады. Ал Нұрбек Оралбай турнирді жүлдесіз аяқтады.